Жаңалықтар Оқушыларға

Жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының арасында гуманитарлық пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауын өткізудің Е Р Е Ж Е С І

І.   Жалпы ережелері                         

1.1. Осы ережелер жалпы білім беретін оқу орындары оқушылары арасында өткізілетін ғылыми жобалар байқауының мәртебесін, мақсаттары мен міндеттерін айқындайды.

1.2 Жалпы білім беретін оқу орындары арасында өткізілетін ғылыми жобалар байқауының мақсаттары мен міндеттері:

— жалпы білім беретін оқу орындарының оқушылары арасында жас жеткіншектердің тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағына қосатын үлесін анықтау;

— жалпы  білім  беретін  оқу  орындарының оқушыларының  шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, жаңалыққа құштарлығын, дарындыларды анықтау;

ІІ. Республикалық ғылыми жобалар байқауына қатысушылар

2.1.   Байқауға бастауыш сынып (1-4 сынып) және 5-11 сынып оқушылары  қатыса алады. (Қазақ тілді және орыс тілді сыныптар)

2.3. 26 ақпан мен 12 наурыз аралығында жұмыстар қабылданады. мына daryn_zhoba@mail.ru     электронды почтаға  жібересіздер.

  ІІІ. Байқаудың шарттары 

3.1 Гуманитарлық пәндер бойынша ғылыми жұмыстар (қазақ тілі, әдебиеті, орыс тілі, ағылшын, тарих, адам және қоғам, дүние жүзі тарихыт.б бастауыш сыныптар үшін  әдебиеттік оқу, қазақ тілі, музыка)

3.2. Байқауға ұсынылатын жұмыстарды рәсімдеуге қойылатын талаптар

Ғылыми жобада:

— басқы бет;

— мазмұны;

— аңдатпа; (жұмысты жазған 1 тілде)

— кіріспе;

-теориялық бөлім;

— зерттеу бөлім;

— қорытынды;

-пайдаланған әдебиеттер.

Ғылыми жоба 15 беттен кем болмауы тиіс. (14 шрифт, интервал 1.)

Жұмыс daryn_zhoba@mail.ru электронды почтада электронды нұсқада слайдпен бирге 26 ақпан мен 12 наурыз  аралығында қабылданады.

3.3. Ғылыми жарысқа:

  • Ғылыми жобада теориялар, дәлелдер, құбылыстар және бұрын ұсынылмаған ерекше жақтарын көрсету;
  • Тәжірибені жетiлдiруге, өндiрiстiк процесстердiң тиiмдiлiгiн арттыруға ықпал ететiн, болашақта еліміздің ғылым саласына жаңалықтар әкелетiн құрылғылардың, модельдердің, құралдардың формасын ұсыну;
  • әлеуметтiк-экономикалық мәселелерді шешуге бағытталған экономикалық заңдыққа негiзделген жобалар ұсынылады.

 

 

Байқауды жүргізу және ұйымдастырумен ұйымдастырушылар алқасы айналысады.

  • ЖОО-ның профессорларынан, ғылым кандидаттарынан, тәжірибелі ұстаздардан тұратын қазылар алқасы құрылады.
  • Қазылар алқасының шешімі қайта қарауға жатпайды.
  • Жіберілген материалдар кері қайтарылмайды.
  • Байқауды марапаттау жеңімпаздар анықталғаннан сәттен бастап 10 жұмыс күн ішінде жүзеге асырылады.

Ескерту. Ғаламтордан алынған материалдарды қолдануға болмайды.

Байқауды марапаттау

І орын – Диплом, алғас хат.

ІІ орын – Диплом, алғыс хат.

ІІІ орын – Диплом, алғыс хат.

Ынталандыру  – Диплом

Барлық қатысушылар мақтау қағаздарымен және жетекшілері Алғыс хаттармен марапатталады.

Диплом Мақтау қағаздары мен алғыс хаттар электронды почтамен жіберіледі.

5 оқушыдан жоғары оқушы қатыстырып, оқушыларының жұмыстары үздік нәтиже көрсеткен жетекшіге ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ тағайындалады.

Байқауға қатысу жарнасы – 1000 тг.

Төлем квитанцияның көшірмесі сұраныспен бірге жіберілуі тиіс. Байқау жеңімпаздарының есімі аудандық, қалалық, облыстық білім бөлімдерінің басшыларына жіберіледі және «IZDENIS.KZ» сайтына жарияланады.

Байқауға қатысты өзге де сұрақтарға 87089726040                              87021725607 телефонға хабарласа аласыздар

Біздің реквизит

АО «Банк Каssa Nova»  БИК   KSNVKZKA

«Altyn Gasyr 01»  ЖШС

БИН/ИИН 180340016051

KZ08551A127002923KZT

Кбе 17

КНП 859

Ескерту Төлемді кез келген банк кассаларынан жасай аласыздар

 

Қосымша реквизит: 5169497105335602  (801205301588)

Төлем мақсаты: республикалық байқауға  қатысу үшін 

Өтініш толтыру үлгісі

Аты-жөні Қала

Облыс

Ауыл (толық мекен-жай)

Тел ном. Эл.почта Жетекшісі Сыныбы
1          
2          
3          
4          
5