Жаңалықтар Оқушыларға

Жалпы білім беретін мектеп оқушылар арасында Абай оқуларын өткізу жөнінде ақпараттық хат

І.   Жалпы ережелері

1.1. Бұл ережелер жалпы білім беретін оқу орындары оқушылары арасында өткізілетін  Абай оқуларының мәртебесін, мақсаттары мен міндеттерін айқындайды.

1.2 Жалпы білім беретін оқу орындары арасында өткізілетін Абай  оқуларының  мақсаттары мен міндеттері:

— жалпы білім беретін оқу орындарының оқушылары арасында ақын шығармаларын кеңінен насихаттау;

— оқушылардың  шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, табиғи  таланты мен дарындарын анықтау;

— жас буын ақындарға жан-жақты қолдау көрсетіп, олардың шығармашылығының кеңінен дамуына қолдау көрсету.

ІІ. Республикалық жалпы Абай оқуларына қатысушылар

2.1. Байқауға оқыту тіліне қарамастан барлық мектеп оқушылары қатыса алады. (қазақ, орыс сыныптары)

Жас ерекшеліктер:

1-4 сыныптар арасы;

5-8 сыныптар арасы;

9-11 сыныптар арасы.

2.2. Қатысушының аты-жөні, мектебі, сыныбы, бүркеншік аты, жетекшісінің аты-жөні, байланыс телефоны, электронды почтасы туралы толық мәліметі бар тапсырысты daryn_zhoba@mail.ru  электронды поштаға жіберу керек.

 

 

 

 

                                 

 

Ережеге сәйкес 3 номинация бойынша өткізіледі:

 

1-номинация «Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы…» — Абай  шығармаларын жатқа оқу.

2- номинация «Мен жазбаймын өлеңді еремек үшін…» — шығармашыл шәкірттер конкурсы (өз шығармасын ұсыну);

3- номинация  «Ұлылар достығы» Абайдың достықтарын үлгі ету мақсатында эссе жазу.

 

  • Байқауды жүргізу және ұйымдастырумен ұйымдастырушылар алқасы айналысады.
  • ЖОО-ның профессорларынан, ғылым кандидаттарынан, тәжірибелі ұстаздардан тұратын қазылар алқасы құрылады.
  • Қазылар алқасының шешімі қайта қарауға жатпайды.
  • Жіберілген материалдар кері қайтарылмайды.
  • Байқауды марапаттау жеңімпаздар анықталғаннан сәттен бастап 10 жұмыс күн ішінде жүзеге асырылады.

Ескерту. Ғаламтордан алынған материалдарды қолдануға болмайды. Бір оқушы бір номинация бойынша қатыса алады.

Байқауды марапаттау

Бас жүлде – диплом, алғыс хат  және ақын атындағы бір реттік шәкіртақы сертификаты

І орын – Диплом, алғыс хат

ІІ орын – Диплом, алғыс хат

ІІІ орын – Диплом, алғыс хат

Әр номинация бойынша ынталандыру  – Диплом, сертификат

Барлық қатысушылар мақтау қағаздармен және жетекшілер Алғыс хаттармен марапатталады.

Жүлдегер оқушылардың дипломдары мен алғыс хаттар электронды почта  арқылы жіберіледі

5 оқушыдан жоғары оқушы қатыстырып, оқушыларының жұмыстары үздік нәтиже көрсеткен жетекшіге ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ тағайындалады.

Байқау жарнасы – 1500 тг.

Төлем квитанцияның көшірмесі жұмыспен бірге жіберілуі тиіс. Байқау жеңімпаздарының есімі аудандық, қалалық, облыстық білім бөлімдерінің басшыларына жіберіледі. Марапаттау номинация бойынша және жас ерекшеліктеріне байланысты жеке-жеке жүргізіледі.

Байқауға қатысты өзге де сұрақтарға 87089726040                              87021725607 телефонға хабарласа аласыздар

Біздің реквизит

АО «Банк Каssa Nova»  БИК   KSNVKZKA

«Altyn Gasyr 01»  ЖШС

БИН/ИИН 180340016051

KZ08551A127002923KZT

Кбе 17

КНП 859

Ескерту Төлемді кез келген банк кассаларынан жасай аласыздар

 

Төлем мақсаты: Республикалық Абай оқуларына қатысу үшін

 

 

Сұраныс төменде көрсетілген үлгіде жіберілуі тиіс:

Оқушының аты-жөні Сыныбы Мектебі Оқу тілі ауданы Жетекші-мұғалімінің аты-жөні, жұмыс орны Ұялы телефоны

Эл почта

1.