Жаңалықтар Оқушыларға

Жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының арасында Ілияс оқуларын өткізудің Е Р Е Ж Е С І

   І.   Жалпы ережелері

1.1. Осы ережелер жалпы білім беретін оқу орындары оқушылары арасында өткізілетін  Ілияс оқуларының мәртебесін, мақсаттары мен міндеттерін айқындайды.

1.2 Жалпы білім беретін оқу орындары арасында өткізілетін Ілияс оқуларының  мақсаттары мен міндеттері:

— жалпы білім беретін оқу орындарының оқушылары арасында Ілияс Жансүгіров шығармаларын насихаттау;

—  жалпы  білім  беретін  оқу  орындарының оқушыларының  шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, табиғи дарындарын анықтау;

— оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең сөзінің құдіретін жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету. Ілиястың поэзиясымен, прозалық, драматургиялық шығармаларымен және ғылыми зерттеулерімен танысып, ол туралы өз ой-пікірлерін ғылыми тұрғыда жеткізе білуге  дағдыландыру;

— жас ақындарға әлеуметтік-рухани қолдау көрсетіп, олармен шығармашылық жұмыс түрлерін жандандыру. Жас буынның тарихи танымдарын, демократияға және азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары мен сана-сезімдерін, өмірлік айқындамаларын қалыптастыру.

ІІ. Республикалық жалпы Ілияс оқуларына қатысушылар

2.1. Ілияс оқуларына  (5-11 сынып)  қатысады.

 

  ІІІ.  Ілияс оқуларының шарттары                                         

3.1.   Ілияс  оқуларына қатысатын оқушы поэзияны сүйетін, оның тақырыбына сай талдай білетін, ғылыми жұмысқа бейімі бар, өлеңді мәнерлеп, көркем оқи алатын, өлең жаза алатын ақындық талабы болуы шарт.

3.2. Ілияс оқуларына  қатысушы жыр Құлагері атанған Ілиястың шығармаларын жақсы білуі керек және кез-келген өлеңін, прозалық, драматургиялық шығармаларын талдай білуі қажет. Сонымен қатар, талапкер өз шығармашылығын да көрсетеді.

3.3.    Ілияс оқуларын өткізу төрт номинациядан тұрады.

1-номинация:

Ілияс оқуларына қатысушы Ілияс Жансүгіровтың прозалық немесе поэзиялық бір шығармасын таңдап алып, жазбаша талдау жасап, жіберуі  керек. Бұл жерде талапкердің әдебиетті сүюімен қатар, әдеби шығармаларға деген ғылыми көзқарасы, өзіндік пікірі, ой-талғамы қандай екендігі бағаланады. Шығарма немесе талдау жұмысының компьютерде тергендегі көлемі үш беттен аспауы керек. (5-11 сыныптар үшін)

        2- номинация: (бастауыш сыныптың 2-4 сыныптары қатыса алады)        

Талапкер  Ілияс Жансүгіровтың  бір  өлеңін жатқа, мәнерлеп оқиды. видео нұсқада жібереді. Үміткердің оқу мәнері, дауыс ерекшелігіне, әртістік шеберлігі, эстетикалық талғамына ерекше мән беріледі. (ұзақтығы 5 минуттан аспауы керек) (5-11 сыныптар үшін)

 

3 — номинация:

Талапкер өз шығармашылығымен таныстырып, ақынға арнау өлеңін ұсынады. (өзі шығарған өлеңдердің тақырыбын қосымша жібереді)  Әділқазылар сайыс қорытындысын шығарарда жас ақын өлеңдерінің поэтикалық ерекшелігіне, ұйқасына назар аударады. (5-11 сыныптар үшін)

 

4 — номинация:        

Талапкер Ілияс Жансүгіровтың прозалық шығармасын немесе драматургиясынан үзінді жатқа оқиды. (9-11 сыныптар үшін)

 

  • Байқауды жүргізу және ұйымдастырумен ұйымдастырушылар алқасы айналысады.
  • ЖОО-ның профессорларынан, ғылым кандидаттарынан, тәжірибелі ұстаздардан тұратын қазылар алқасы құрылады.
  • Қазылар алқасының шешімі қайта қарауға жатпайды.
  • Жіберілген материалдар кері қайтарылмайды.
  • Байқауды марапаттау жеңімпаздар анықталғаннан сәттен бастап 10 жұмыс күн ішінде жүзеге асырылады.

Ескерту. Ғаламтордан алынған материалдарды қолдануға болмайды. Бір оқушы бір номинация бойынша қатыса алады.

Байқауды марапаттау

І орын – Диплом, алғас хат

ІІ орын – Диплом, алғыс хат

ІІІ орын – Диплом, алғыс хат

Әр номинация бойынша ынталандыру  – Диплом, сертификат

Барлық қатысушылар мақтау қағаздармен және жетекшілер Алғыс хаттармен марапатталады.

Диплом, Мақтау қағаздары мен алғыс хаттар электронды почтамен жіберіледі.

 

Байқауға қатысу құны – 1500 тг.

Төлем квитанцияның көшірмесі жұмыспен бірге жіберілуі тиіс. Байқау жеңімпаздарының есімі аудандық, қалалық, облыстық білім бөлімдерінің басшыларына жіберіледі және «IZDENIS.KZ» сайтына жарияланады. Марапаттау номинация бойынша және жас ерекшеліктеріне байланысты жеке-жеке жүргізіледі.

 

Байқауға қатысты өзге де сұрақтарға 87089726040                              87021725607 телефонға хабарласа аласыздар

 

Біздің реквизит

АО «Банк Каssa Nova»  БИК   KSNVKZKA

«Altyn Gasyr 01»  ЖШС

БИН/ИИН 180340016051

KZ08551A127002923KZT

Кбе 17

КНП 859

Ескерту Төлемді кез келген банк кассаларынан жасай аласыздар

 

Қосымша реквизит: 5169497105335602  (801205301588)

 

Төлем мақсаты: республикалық «Ілияс оқуына» қатысу үшін

 

Өтініш толтыру үлгісі

Аты-жөні Қала

Облыс

Ауыл

Тел ном. Эл.почта Жетекшісі Номинациясы сыныбы
1            
2            
3            
4            
5