Жаңалықтар Мұғалімдерге

Жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының арасында «Дарынды шәкірт» республикалық ғылыми жоба өткізудің Е Р Е Ж Е С І

   І.   Жалпы ережелері

1.1. Осы ережелер жалпы білім беретін оқу орындары оқушылары арасында өткізілетін  „Дарынды шәкірт“ ғылыми жоба байқауы мәртебесін, мақсаттары мен міндеттерін айқындайды.

1.2 Жалпы білім беретін оқу орындары арасында өткізілетін «ДАРЫНДЫ ШӘКІРТ» байқауы мақсаттары мен міндеттері:

— жалпы білім беретін оқу орындарының оқушылары арасында жас жеткіншектердің тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағына қосатын үлесін анықтау;

— жалпы  білім  беретін  оқу  орындарының оқушыларының  шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, жаңалыққа құштарлығын, дарындыларды анықтау;

ІІ. Республикалық байқауға қатысушылар

2.1.  «Дарынды шәкірт» республикалық ғылыми жобалар байқауына бастауыш сынып (1-4 сынып) және 5-11 сынып оқушылары  қатыса алады.

2.2. Бағыттары: (Төменде көрсетілген пәндер бойынша )

  • Тіл білімі (қазақ, орыс, ағылшын)
  • Әдебиет
  • Тарих
  • География
  • Туризм
  • Экономика
  • Информатика
  • Химия, биология
  • Аймақтану
  • Өлкетану
  • Физика математика

2.3. Бастауыш сыныптар үшін:

  • Тіл білімі
  • Әдебиеттік оқу
  • Дүниетану
  • Жаратылыстану
  • Бейнелеу өнері

  ІІІ. Байқаудың шарттары 

3.1 Байқау бір кезеңнен тұрады.

3.2. Байқауға ұсынылатын жұмыстарды рәсімдеуге қойылатын талаптар

Ғылыми жобада:

— басқы бет;

— мазмұны;

— аңдатпа; (жұмысты жазған 1 тілде)

— кіріспе;

-теориялық бөлім;

— зерттеу бөлім;

— қорытынды;

-пайдаланған әдебиеттер.

Ғылыми жоба 15 беттен кем болмауы тиіс. (14 шрифт, интервал 1.)

Жұмыс daryn_zhoba@mail.ru электронды почтада 11-23 қараша аралығында қабылданады.

3.3. Ғылыми жарысқа:

  • Ғылыми жобада теориялар, дәлелдер, құбылыстар және бұрын ұсынылмаған ерекше жақтарын көрсету;
  • Тәжірибені жетiлдiруге, өндiрiстiк процесстердiң тиiмдiлiгiн арттыруға ықпал ететiн, болашақта еліміздің ғылым саласына жаңалықтар әкелетiн құрылғылардың, модельдердің, құралдардың формасын ұсыну;
  • әлеуметтiк-экономикалық мәселелерді шешуге бағытталған экономикалық заңдыққа негiзделген жобалар ұсынылады.

 

                                                                                                       

  • Байқауды жүргізу және ұйымдастырумен ұйымдастырушылар алқасы айналысады.
  • ЖОО-ның профессорларынан, ғылым кандидаттарынан, тәжірибелі ұстаздардан тұратын қазылар алқасы құрылады.
  • Қазылар алқасының шешімі қайта қарауға жатпайды.
  • Жіберілген материалдар кері қайтарылмайды.
  • Байқауды марапаттау жеңімпаздар анықталғаннан сәттен бастап 10 жұмыс күн ішінде жүзеге асырылады.

Ескерту. Ғаламтордан алынған материалдарды қолдануға болмайды.

Байқауды марапаттау

І орын – Диплом, алғас хат.

ІІ орын – Диплом, алғыс хат.

ІІІ орын – Диплом, алғыс хат.

ынталандыру  – Диплом, сертификат

Барлық қатысушылар мақтау қағаздарымен және жетекшілері Алғыс хаттармен марапатталады.

Диплом Мақтау қағаздары мен алғыс хаттар электронды почтамен жіберіледі.

Байқауға қатысу құны – 1500 тг.

Төлем квитанцияның көшірмесі жұмыспен бірге жіберілуі тиіс. Байқау жеңімпаздарының есімі аудандық, қалалық, облыстық білім бөлімдерінің басшыларына жіберіледі және «IZDENIS.KZ» сайтына жарияланады.

Байқауға қатысты өзге де сұрақтарға 87089726040                              87021725607 телефонға хабарласа аласыздар

Біздің реквизит

АО «Банк Каssa Nova»  БИК   KSNVKZKA

«Altyn Gasyr 01»  ЖШС

БИН/ИИН 180340016051

KZ08551A127002923KZT

Кбе 17

КНП 859

Ескерту Төлемді кез келген банк кассаларынан жасай аласыздар

 

Қосымша реквизит: 5169497105335602  (801205301588)

 

Төлем мақсаты: республикалық ғылыми жоба байқауына  қатысу үшін

 

 

 

 

 

Өтініш толтыру үлгісі

Аты-жөні Қала

Облыс

Ауыл (толық мекен-жай)

Тел ном. Эл.почта Жетекшісі Бағыты

    (пәні)

Сыныбы
1            
2            
3            
4            
5