Жаңалықтар Оқушыларға

Жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының арасында ағартушы, ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылығын насихаттау мақсатында ұйымдастырылып жатқан ІІ республикалық Торайғыров оқуларын өткізудің Е Р Е Ж Е С І

   І.   Жалпы ережелері

1.1. Бұл ережелер жалпы білім беретін оқу орындары оқушылары арасында өткізілетін Торайғыров оқуларының мәртебесін, мақсаттары мен міндеттерін айқындайды.

1.2 Жалпы білім беретін оқу орындары арасында өткізілетін Торайғыров оқуларының  мақсаттары мен міндеттері:

— жалпы білім беретін оқу орындарының оқушылары арасында Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармаларын кеңінен насихаттау;

— оқушыларыдың  шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, табиғи  таланты мен дарындарын анықтау;

— оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең сөзінің құдіретін  сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың творчествасымен танысып, ол туралы өз ой-пікірлерін ғылыми тұрғыда жеткізе білуге  дағдыландыру;

— жас буын ақындарға жан-жақты қолдау көрсетіп, олардың шығармашылығының кеңінен дамуына қолдау көрсету.

ІІ. Республикалық  жалпы Торайғыров оқуларына қатысушылар

2.1. Торайғыров оқуларына оқыту тіліне қарамастан барлық мектеп оқушылары қатыса алады. (мемлекеттік емес тіл)

Жас ерекшеліктер:

1-4 сыныптар арасы;

5-8 сыныптар арасы;

9-11 сыныптар арасы.

2.2. Қатысушының аты-жөні, мектебі, сыныбы, бүркеншік аты, жетекшісінің аты-жөні, байланыс телефоны, электронды почтасы туралы толық мәліметі бар өтінішті 18 қыркүйек пен 10 қазан аралығында CToraigr_oku @mail.ru электронды поштаға жіберу керек.

 

  ІІІ.  Торайғыров оқуларының шарттары                             

3.1.   Торайғыров  оқуларына қатысатын оқушы көркем шығарманы сүйіп оқитын, оны тақырыбына сай ғылыми тұрғыдан  талдай білетін, өлеңді мәнерлеп, көркем оқи алатын, өлең жаза алатын ақындық  қабілеті болуы міндет.

3.2. Торайғыров оқуларына  қатысушы ақын  шығармаларын жақсы білуі керек және кез-келген  шығармаларын талдай білу. Сонымен қатар, талапкердің өз шығармашылығы да болуы қажет.

3.3.    Торайғыров оқуларын өткізу 3  номинация бойынша жүргізіледі.

1-номинация:

Оқуға қатысушы С. Торайғыровтың кез-келген шығармасын таңдап алып, жазбаша талдау жасау.  Бұл жерде үміткер әдебиетке қызығушылығымен қатар, әдеби шығармаларға ғылыми көзқарасы, өзіндік пікірі, ой-талғамы қандай екендігі бағаланады. Талдау жұмысының компьютерде тергендегі көлемі 3 бетTimes New Roman, әріп өлшемі – 12, интервал 1,  болуы керек.

        2- номинация: «Шығамын тірі болсам адам болып»

Талапкер Сұлтанмахмұт Торайғыровтың бір  өлеңін немесе прозалық шығармасын жатқа, мәнерлеп оқиды. Сайысқа қатысушы автордың бір шығармасын таңдап алып, аудио немесе видео нұсқада жібереді. Үміткердің оқу мәнері, дауыс ерекшелігіне, әртістік шеберлігі, эстетикалық талғамына ерекше мән беріледі. (ұзақтығы 5 минуттан аспауы керек)

3 — номинация: «Шәкірт ойы…»

Талапкер өз шығармашылығымен таныстырады,(өзі шығарған өлеңдердің тақырыбын қосымша жібереді) арнауды жатқа, мәнерлеп оқиды. Әділқазылар сайыс қорытындысын шығарарда жас ақын өлеңдерінің поэтикалық ерекшелігіне, ұйқасына назар аударады.

 

 

  • Байқауды жүргізу және ұйымдастырумен ұйымдастырушылар алқасы айналысады.
  • ЖОО-ның профессорларынан, ғылым кандидаттарынан, тәжірибелі ұстаздардан тұратын қазылар алқасы құрылады.
  • Қазылар алқасының шешімі қайта қарауға жатпайды.
  • Жіберілген материалдар кері қайтарылмайды.
  • Байқауды марапаттау жеңімпаздар анықталғаннан сәттен бастап 10 жұмыс күн ішінде жүзеге асырылады.

 

Ескерту. Ғаламтордан алынған материалдарды қолдануға болмайды. Бір оқушы бір номинация бойынша қатыса алады.

 

Байқауды марапаттау

І орын – Диплом, сертификат, алғыс хат

ІІ орын –Диплом, сертификат, алғыс хат

ІІІ орын –Диплом, сертификат, алғыс хат

Әр номинация бойынша ынталандыру  –  Мақтау қағазы, Алғыс хат, сертификат

Барлық қатысушылар мақтау қағаздармен және жетекшілер Алғыс хаттармен марапатталады.

 

Байқауға қатысу құны – 2000 тг.

Төлем квитанцияның көшірмесі жұмыспен бірге жіберілуі тиіс. Байқау жеңімпаздарының есімі Izdenis.kz сайтына жарияланады. Марапаттау номинация бойынша және жас ерекшеліктеріне байланысты жеке-жеке жүргізіледі.

 

Байқауға қатысты өзге де сұрақтарға 87089726040 87021725607 телефонға хабарлас аласыздар

Біздің реквизит

АО «Банк Каssa Nova»  БИК   KSNVKZKA

«Altyn Gasyr 01»ЖШС

БИН/ИИН 180340016051

KZ08551A127002923KZT

Кбе 17

КНП 859

Ескерту Төлемді кез келген банк кассаларынан жасай аласыздар

 

Қосымша реквизит: 5169497105335602  (801205301588)

 

Төлем мақсаты: ағартушы, ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 125 жылдық мерейтойына орай Торайғыров оқулары үшін

 

 

 

 

 

 

 

 

Жалпы білім беретін оқу орындары  оқушыларының арасында ағартушы, ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылығына орай Торайғыров  оқуларына өтініш толтыру үлгісі

 

Аты-жөні  
Қаласы       индекс  
Облыс, аудан, ауыл  
Мекеме №

Сыныбы

 
 Жетекшісі  
Байланыс телефон  
Электронды почта