Жаңалықтар Мұғалімдерге

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің арасында «Жарқын балашақ» республикалық байқауын өткізудің Е Р Е Ж Е С І

І.   Жалпы ережелері                         

1.1. Осы ережелер мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің арасында өткізілетін «Жарқын балашақ» байқауының мәртебесін, мақсаттары мен міндеттерін айқындайды.

1.2 мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің арасында өткізілетін „Жарқын балашақ“ байқауының мақсаттары мен міндеттері:

— мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің арасында  құндылықтар мен мәдениеттің мәртебесін көтеру;

— мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, өнерге құрметін, анықтау;

ІІ. Республикалық „Жарқын балашақ“ байқауына қатысушылар

2.1.   Байқауға бастауыш мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері қатыса алады. (Қазақ тілді және орыс тілді тәрбиеленушілер)

2.3. 07 тамыз бен 23 тамыз  аралығында жұмыстар қабылданады. Жұмысты мына zharkyn_balashak@mail.ru  электронды почтаға  жіберулеріңізді сұраймыз.

  ІІІ. Байқаудың шарттары 

3.1 „Жас зерттеушілер“   Мамандықтың пайдасын зерттеу. 5 баладан тұратын топ болашақ өз мамандықтары туралы сурет турінде немесе бейне жазба (Мысалы: дәрігер, инженер, мұғалім, сатушы, шаштараз т.б . мамандықтардың бірін таңдап, сол маман иесінің бейнесін сомдау арқылы мамандықтың пайдасы туралы айтқан бейне сюжет жасау) үлгісінде жіберу.

Жұмыс түрі: топпен, бірлескен, ұжыммен

(Мақсаты: баланың функционалдық қабілетін дамыту)

3.2. „Салауатты балашақ“  5 баладан құралған топ әр түрлі жанрдағы би немесе спорттық жаттығулар топтамасын орындау. Топтың жұмысын видеоға түсіріп жіберу.

Жұмыс түрі: топпен, бірлескен, ұжыммен

(Мақсаты: салауатты ұрпақ тәрбиелеу)

3.3. „Біз бақытты баламыз…“ 5 баладан тұратын хор ұжымы. Өздері таңдаған өлеңді орындаған хор ұжымының жұмысын видеоға түсіріп жіберу.

Жұмыс түрі: топпен, бірлескен, ұжыммен

(Мақсаты: балалардың музыкалық шығармашылығын дамыту)

Байқауды жүргізу және ұйымдастырумен ұйымдастырушылар алқасы айналысады.

  • ЖОО-ның профессорларынан, ғылым кандидаттарынан, тәжірибелі ұстаздардан тұратын қазылар алқасы құрылады.
  • Қазылар алқасының шешімі қайта қарауға жатпайды.
  • Жіберілген материалдар кері қайтарылмайды.
  • Байқауды марапаттау жеңімпаздар анықталғаннан сәттен бастап 10 жұмыс күн ішінде жүзеге асырылады.

Ескерту. Ғаламтордан алынған материалдарды қолдануға болмайды.

Байқауды марапаттау           

І орын – Диплом, алғас хат. Сыйлық

ІІ орын – Диплом, алғыс хат. Сыйлық

ІІІ орын – Диплом, алғыс хат. Сыйлық

Ынталандыру  – Диплом

Барлық қатысушылар мақтау қағаздарымен және жетекшілері Алғыс хаттармен марапатталады.

Диплом Мақтау қағаздары мен алғыс хаттар электронды почтамен жіберіледі.

Байқауға қатысу жарнасы – 2500 тг.

Төлем квитанцияның көшірмесі сұраныспен бірге жіберілуі тиіс. Байқау жеңімпаздарының есімі аудандық, қалалық, облыстық білім бөлімдерінің басшыларына жіберіледі және «IZDENIS.KZ» сайтына жарияланады.

Байқауға қатысты өзге де сұрақтарға 87089726040                              87021725607 телефонға хабарласа аласыздар

Біздің реквизит

АО «Банк Каssa Nova»  БИК   KSNVKZKA

«Altyn Gasyr 01»  ЖШС

БИН/ИИН 180340016051

KZ08551A127002923KZT

Кбе 17

КНП 859

Ескерту Төлемді кез келген банк кассаларынан жасай аласыздар