Жаңалықтар Оқушыларға

Жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының арасында „Мағжан оқуларын“ өткізудің Е Р Е Ж Е С І

«Altyn Gasyr  01» ЖШС мекемесі Республикалық жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының арасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  Алаш қозғалысының қайраткері, ақын Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығы негізінде «Мағжан оқулары»  өтеді.

Байқаудың мақсаты: жалпы білім беретін оқу орындарының оқушылары арасында Мағжан Жұмабаев шығармаларын кеңінен насихаттау.

Байқауға қатысушы үміткерлер сұраныстары мен өтініштерін 04 сәуір мен 25 сәуір аралығында Magzhan_okulary @mail.ru электронды почтада қабылданады.

   І.   Жалпы ережелері

1.1. Бұл ережелер жалпы білім беретін оқу орындары оқушылары арасында өткізілетін  Мағжан оқуларының мәртебесін, мақсаттары мен міндеттерін айқындайды.

1.2 Жалпы білім беретін оқу орындары арасында өткізілетін Мағжан оқуларының  мақсаттары мен міндеттері:

— жалпы білім беретін оқу орындарының оқушылары арасында Мағжан Жұмабаев шығармаларын кеңінен насихаттау;

— оқушылардың  шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, табиғи  таланты мен дарындарын анықтау;

— оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең сөзінің құдіретін  сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету. Мағжанның творчествасымен танысып, ол туралы өз ой-пікірлерін ғылыми тұрғыда жеткізе білуге  дағдыландыру;

— жас буын ақындарға жан-жақты қолдау көрсетіп, олардың шығармашылығының кеңінен дамуына қолдау көрсету.

ІІ. Республикалық жалпы Мағжан оқуларына қатысушылар

2.1. Мағжан оқуларына оқыту тіліне қарамастан барлық мектеп оқушылары қатыса алады. (мемлекеттік емес тіл)

Жас ерекшеліктер:

1-4 сыныптар арасы;

5-8 сыныптар арасы;

9-11 сыныптар арасы.

2.2. Қатысушының аты-жөні, мектебі, сыныбы, бүркеншік аты, жетекшісінің аты-жөні, байланыс телефоны, электронды почтасы туралы толық мәліметі бар тапсырысты Magzhan_okulary@mail.ru электронды поштаға жіберу керек.

 

  ІІІ.  Мағжан оқуларының шарттары                                    

3.1.   Мағжан  оқуларына қатысатын оқушы жырды сүйіп оқитын, оны тақырыбына сай ғылыми тұрғыдан  талдай білетін, өлеңді мәнерлеп, көркем оқи алатын, өлең жаза алатын ақындық  қабілеті болуы міндет.

3.2. Мағжан оқуларына  қатысушы Жұмабаев  шығармаларын жақсы білуі керек және кез-келген  шығармаларын талдай білу. Сонымен қатар, талапкердің өз шығармашылығы да болуы қажет.

3.3.    Мғжан оқуларын өткізу 4 номинация бойынша жүргізіледі.

1-номинация: «Ғылымға жол…»

Мағжан оқуларына қатысушы Мағжан Жұмабаевтің кез-келген шығармасын таңдап алып, жазбаша талдау жасау.  Бұл жерде үміткер әдебиетке қызығушылығымен қатар, әдеби шығармаларға ғылыми көзқарасы, өзіндік пікірі, ой-талғамы қандай екендігі бағаланады. Талдау жұмысының компьютерде тергендегі көлемі 3 бет Times New Roman, әріп өлшемі – 12, интервал 1,  болуы керек.

        2- номинация: «Жас толқын»

Талапкер Мағжан Жұмабаевтің бір  өлеңін жатқа, мәнерлеп оқиды. Сайысқа қатысушы автордың бір өлеңін таңдап алып, аудио немесе видео нұсқада жібереді. Үміткердің оқу мәнері, дауыс ерекшелігіне, әртістік шеберлігі, эстетикалық талғамына ерекше мән беріледі. (ұзақтығы 5 минуттан аспауы керек)

3 — номинация: «Мен жастарға сенемін…»

Талапкер өз шығармашылығымен таныстырады,(өзі шығарған өлеңдердің тақырыбын қосымша жібереді) арнауды жатқа, мәнерлеп оқиды. Әділқазылар сайыс қорытындысын шығарарда жас ақын өлеңдерінің поэтикалық ерекшелігіне, ұйқасына назар аударады.

4 — номинация: «Қауырсын қалам…»

Талапкер Мағжан шығармасы желісі бойыша сурет салу. Талапкер Ақынның кез-келген бір шығармасын таңдап алып, сол шығарма сюжетіне сай салған суретін А4 форматта сканерден өткізіп жібереді.

 

  • Байқауды жүргізу және ұйымдастырумен ұйымдастырушылар алқасы айналысады.
  • ЖОО-ның профессорларынан, ғылым кандидаттарынан, тәжірибелі ұстаздардан тұратын қазылар алқасы құрылады.
  • Қазылар алқасының шешімі қайта қарауға жатпайды.
  • Жіберілген материалдар кері қайтарылмайды.
  • Байқауды марапаттау жеңімпаздар анықталғаннан сәттен бастап 10 жұмыс күн ішінде жүзеге асырылады.

 

Ескерту. Ғаламтордан алынған материалдарды қолдануға болмайды. Бір оқушы бір номинация бойынша қатыса алады.

 

Байқауды марапаттау

І орын – Диплом, сертификат,

ІІ орын – Диплом, сертификат,

ІІІ орын – Диплом, сертификат,

Әр номинация бойынша ынталандыру  – Диплом, сертификат

Барлық қатысушылар мақтау қағаздармен және жетекшілер Алғыс хаттармен марапатталады.

 

Байқауға қатысу құны – 2000 тг.

Төлем квитанцияның көшірмесі жұмыспен бірге жіберілуі тиіс. Байқау жеңімпаздарының есімі аудандық, қалалық, облыстық білім бөлімдерінің басшыларына жіберіледі. Марапаттау номинация бойынша және жас ерекшеліктеріне байланысты жеке-жеке жүргізіледі.

 

Байқауға қатысты өзге де сұрақтарға 87089726040                              87021725607 телефонға хабарласа аласыздар

 

Біздің реквизит

АО «Банк Каssa Nova»  БИК   KSNVKZKA

«Altyn Gasyr 01»  ЖШС

БИН/ИИН 180340016051

KZ08551A127002923KZT

Кбе 17

КНП 859

Ескерту Төлемді кез келген банк кассаларынан жасай аласыздар

 

Қосымша реквизит: 5169497105335602  (801205301588)

 

 

Төлем мақсаты: Алаш қозғалысының қайраткері, ақын Мағжан  оқулары үшін

 

Жалпы білім беретін оқу орындары  оқушыларының арасында Алаш қозғалысының қайраткері, ақын Мағжан  оқуларына қатысуға өтініш толтыру үлгісі

 

 

Аты-жөні

 

 
Қаласы      индекс

 

 
Облыс

 

 
Аудан

 

 
Ауыл

 

 
Мекеме №

 

 
Сыныбы

 

 
 Жетекшісі

 

 
Байланыс телефон

 

 
Электронды почта