Жаңалықтар Мұғалімдерге Оқушыларға

Жалпы білім беретін оқу орындары  оқушыларының арасында  «А.Байтұрсынов атындағы олимпиада» өткізудің Е Р Е Ж Е С І

«Altyn Gasyr 01» мекемесі, ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылыми комитетінің А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты (бірлескен Меморандум негізінде) «Izdenis» республикалық мұғалімдер мен оқушылар порталы республикалық қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша «А.Байтұрсынов атындағы олимпиада»  өтетінін хабарлайды.

Республикалық олимпиадаға өтініш қабылдау 2019 жылдың 18 наурызынан  03 сәуір аралығында жүргізіледі. Сұранысты мына электронды поштаға жіберулеріңізді сұраймыз Abaitursynuly@mail.ru

Олимпиада 04.04.2019 жылы  өтеді.

Жалпы білім беретін оқу орындары  оқушыларының арасында  «А.Байтұрсынов атындағы олимпиада» өткізудің

Е Р Е Ж Е С І

   І.   Жалпы ережелері

1.1. Осы ережелер жалпы білім беретін оқу орындары оқушылары арасында өткізілетін  «А.Байтұрсынов атындағы олимпиада» мәртебесін, мақсаттары мен міндеттерін айқындайды.

1.2 Жалпы білім беретін оқу орындары арасында өткізілетін «А.Байтұрсынов атындағы олимпиада» мақсаттары мен міндеттері:

— жалпы білім беретін оқу орындарының оқушылары арасында қазақ тілінің мәртебесін көтеру;

— жалпы  білім  беретін  оқу  орындарының оқушыларының  шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тілге құрметін, анықтау;

ІІ. Республикалық қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша олимпиадаға қатысушылар

2.1. „А. Байтұрсынов атындағы олимпиадаға“ бастауыш сынып (1-4 сынып) және 5-11 сынып оқушылары  қатыса алады. (Қазақ тілді және орыс тілді сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті)

2.3. Олимпиадаға 18 наурыз бен 03 сәуір аралығында алдын ала сұраныс қабылданады. 04 сәуір күні олимпиада тапсырмалары «IZDENIS.KZ» сайтына жарияланады. Жарияланған сәттен бастап  3 сағат ішінде  (нақты уақытын жұмысты жариялаған сәтте қайта көрсетіледі.) тапсырманы орындап, мына Abaitursynuly@mail.ru   электронды почтаға  жібересіздер.

2.4. Олимпиада тапсырмалары әр сыныптарға жеке жіберіледі.

  ІІІ. Байқаудың шарттары 

3.1 Байқау бір кезеңнен тұрады.

3.2. Байқауға ұсынылатын жұмыстарды рәсімдеуге қойылатын талаптар

Аты-жөні

Сыныбы

Қала, облыс, аудан, ауыл , мектеп (толық жазу)

3.3. Олимпиада  сұрақтарына берілген жауаптарды бағалау тәртібі:

Әр сұраққа қойылатын ең жоғарғы баға – 10 балл, бағалау мынадай критерийлерге негізделеді:

9-10 балл –жауабы ерекше, жауап барысында мектеп бағдарламасынан тыс мәліметтер мен деректерді келтіре отырып, терең білімді оқушы екендігін аңғартады;

7-8 балл – сұраққа толық жауап беріледі, кейбір қосымша мәліметтер келтіре білді;

5-6 балл – жауап барынша толық болмады, терминдерді түсіндіруде, анықтамалар мен ережелерді айтуда, сөйлем талдауда кейбір қателер кездесті;

3-4 балл – жауабы толық емес, негізінен қате жауап берілді;

1-2 балл —  сұраққа жауаптың қатысы жоқ, нақты емес.

  • Байқауды жүргізу және ұйымдастырумен ұйымдастырушылар алқасы айналысады.
  • ЖОО-ның профессорларынан, ғылым кандидаттарынан, тәжірибелі ұстаздардан тұратын қазылар алқасы құрылады.
  • Қазылар алқасының шешімі қайта қарауға жатпайды.
  • Жіберілген материалдар кері қайтарылмайды.
  • Байқауды марапаттау жеңімпаздар анықталғаннан сәттен бастап 10 жұмыс күн ішінде жүзеге асырылады.

Ескерту. Ғаламтордан алынған материалдарды қолдануға болмайды.

 

 

Байқауды марапаттау

І орын – Диплом, алғас хат.

ІІ орын – Диплом, алғыс хат.

ІІІ орын – Диплом, алғыс хат.

Ынталандыру  – Диплом

Барлық қатысушылар мақтау қағаздарымен және жетекшілері Алғыс хаттармен марапатталады.

Диплом Мақтау қағаздары мен алғыс хаттар электронды почтамен жіберіледі.

Байқауға қатысу құны – 1000 тг.

Төлем квитанцияның көшірмесі сұраныспен бірге жіберілуі тиіс. Байқау жеңімпаздарының есімі аудандық, қалалық, облыстық білім бөлімдерінің басшыларына жіберіледі және «IZDENIS.KZ» сайтына жарияланады.

Байқауға қатысты өзге де сұрақтарға 87089726040                              87021725607 телефонға хабарласа аласыздар

 

 

Біздің реквизит

АО «Банк Каssa Nova»  БИК   KSNVKZKA

«Altyn Gasyr 01»  ЖШС

БИН/ИИН 180340016051

KZ08551A127002923KZT

Кбе 17

КНП 859

Ескерту Төлемді кез келген банк кассаларынан жасай аласыздар

 

Төлем мақсаты: республикалық олимпиадаға қатысу үшін

 

 

 

 

Өтініш толтыру үлгісі

Аты-жөні Қала

Облыс

Ауыл (толық мекен-жай)

Тел ном. Эл.почта Жетекшісі Сыныбы
1          
2          
3          
4          
5